Қазақша Русский English

ПРОФЕССОР ЕСЕН ЫҚЫЛАСҰЛЫ БИДАЙБЕКОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚЫСҚАША ОЧЕРКІ

ПРОФЕССОР ЕСЕН ЫҚЫЛАСҰЛЫ БИДАЙБЕКОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ ->

Ғылым аясында танымал, жоғары мектептің талантты педагогі, математикалық физиканың кері есептері, сонымен қатар информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі және білім беруді ақпараттандыру салаларының маманы Бидайбеков Есен Ықыласұлы 1945 жылы 2 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы, Аққұм ауылында мектеп мұғалімі, Ұлы Отан соғысының ардагері, барлық өмірін халыққа білім беруге арнаған, көп жылдар бойы мектеп директоры болып қызмет атқарған Әбілдаш Нысанбековтың жанұясында дүниеге келген.

Е.Ы. Бидайбековтың ғылым жолының бастауы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетімен байланысты. Есен Ықыласұлы 1961 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласының мектеп-интернатын медальмен бітіріп, С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетіне түсіп, 1967 жылы аталған университеттің механика-математика факультетін бітірген. Аспирантураға түсер алдында осы университеттің есептеуіш математика (ЕМ) кафедрасының лабораториясында математик-программалаушы болып жұмыс істеді. Ол 1970 жылы ЕМ кафедрасы жанындағы аспирантурасына түсіп, КСРО ҒА СБ-нің Есептеу орталығына іс сапарға жіберілді, онда РҒА-ның корреспондент-мүшесі В.Г.Романовтың жетекшілігімен математикалық физиканың кері есептерімен байланысты кандидаттық диссертация жазумен айналысты. Математикалық физиканың кері есептерімен айналысуды Есен Ықыласұлы академик М.М. Лаврентьевтің жетекшілігімен диплом жұмысын жазу кезінен бастаған болатын.

Осы кезеңнен бастап Есен Ықыласұлының КСРО ҒА Сібір бөлімінің ғалымдарымен бірлесіп жемісті еңбек етуі басталды, осындай ғалымдармен кездесуі оның ғылыми-зерттеу қызметінде шешуші роль атқарды. Ұзақ жылдар бойына көрнекті ғалымдар   М.М. Лаврентьев, В.Г. Романовпен және т.б. бірлескен жұмыс істеді, қазір де олардың басым көпшілігімен тығыз байланыста.  Олар оның жеке тұлға ретінде, ғалым ретінде және де ғылыми-педагогика аясындағы адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік туғызды. Ол ғалым ретінде қалыптасып, оның жоғарғы мектеп ғылымын ұйымдастыру таланты толығымен ашылды.

Е.Ы. Бидайбековтың ғылыми және ғылыми-педагогикалық дүниетанымы атақты ресейлік және қазақстандық ғалым-педагогтар Х.И. Ибрашев, Ш.Т. Еркегулов, Д.У. Үмбетжанов, К.А. Қасымов, У.М. Сұлтанғазин, А.К. Көбесов, Б.С. Жанбырбаев, Е.Б. Шалбаев және т.б. әсерлерімен қалыптасты. Олар оның ғылыми-шығармашылық педагогикалық қызметіне үлкен әсерін тигізді. Е.Ы. Бидайбеков өзінің барлық жетекшілерін қазірге дейін аса құрметпен және ризашылық сезіммен еске алады.

Аспирантураны бітіргеннен кейін оның еңбек жолы 1984 жылға дейін С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетімен байланысты болды. Ол ЭЕМ математикалық қамтамасыз ету кафедрасында аға оқытушы, доцент қызметін атқарды  кейінірек механика-математика факультетінің қолданбалы талдау кафедрасында жұмыс істеді.

1975 жылы «Гиперболалық типті кейбір квазисызықтық теңдеулер үшін кері есептің бірден-бір шешімі туралы» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын жемісті қорғады. Ол талантты ұйымдастырушы ретінде өзінің жанына көптеген оқушыларды жинақтады, олар Есен Ықыласұлымен бірлесіп математикалық физикадағы кері есептер саласындағы зерттеулерді әрі қарай жалғастырды. 

Е.Ы.Бидайбеков қиын ғылыми жұмыстарды жемісті педагогикалық және ұйымдастырушылық қызметімен табысты үйлестіре алады.

Е.Ы. Бидайбеков 1984 жылдан бастап қазіргі таңда Абай атындағы ҚазҰПУ-да жұмыс істейді. Алғашқыда есептеуіш математика және дифференциалдық теңдеулер кафедрасының доценті болды, ал 1985 жылдан бастап информатика және қолданбалы математика болып өзгертілген осы кафедраның меңгерушісі қызметін атқарды. 2010 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ Магистратура және PhD докторантура Институтында кейінен информатика, математика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасында, сосын қайтадан құрылған информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі болды. 2014 жылдан қазіргі уақытта Математика, физика және информатика институты информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасын меңгеріп келеді.

Ол 1985 жылдан бастап ұжымның ғылыми-ұйымдастырушылық қызметін жетілдіру және ұжымда информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесіне байланысты өзекті мәселелерді шешуге, сонымен қатар білім беру жүйесіне жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізуге жұмылдыруда үлкен жұмыстар жүргізді. Е.Ы. Бидайбеков физика-математика факультетінде «информатика және компьютерлендіру менеджері», «информатика және ағылшын тілі», «информатика және экономика» және «информатика және ақпаратты қорғау» мамандықтарын ашудың бастаушысы болды. Оның тікелей қатысуымен осы аталған мамандықтардың оқу жоспарлары жасалып оқу үдерісіне енгізілді.

Есен Ықыласұлының бастамасымен информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының барлық мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары әзірленіп, оқу үдерісіне енгізілді:

– бакалавриат: В011-Информатика мұғалімдерін дайындау (6В01507-Информатика, 6В01508-Информатика ағылшын тілінде, 6В01509-Информатика және робототехника), В057-Ақпараттық технологиялар (6В06101-Информатика, 6В06102-Ақпараттық жүйелер, 6В0610-Математика және компьютерлік модельдеу), В056-Механика (6В05402-Машина және робототехника механикасы), В064-Механика және металл өңдеу (6В07106-Аспап жасау); 

– магистратура: М012-Информатика педагогтерін даярлау (7М01503-Информатика); М094-Ақпараттық технологиялар (7М06101-Информатика, 7М06102-Ақпараттық жүйелер), (7М01405-Технология және робототехника), 

– докторантура: 8D012- Информатика педагогтерін даярлау (8D01507 – Информатика), 8D061-Ақпараттық технологиялар (8D06101-Информатика, 8D06102-Ақпараттық жүйелер), 8D01405 – Технология және робототехника.

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың барлық педагогикалық мамандықтарының студенттері үшін «Білім берудегі цифрлық технологиялар» элективті курсы енгізілді.

Оның өзіне тән жігері мен ынтасымен Абай атындағы ҚазҰПУ жанында Білім беруді ақпараттандыру орталығын (БбАО) құру идеясын  жүзеге асырды. Оның жетекшілігімен Білім беруді ақпараттандыру орталығы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу үдерісін қазіргі ақпараттық және коммуникациялық технологиялармен қамтамасыз ету, оқу үрдісіне педагогикалық бағдарламалық құралдарды жасау және енгізу бойынша нақты нәтижелерге жетті. Белгілі мөлшерде оның жақсы ұйымдастырушылық жұмысының арқасында БбАО негізінде әртүрлі ғылыми жұмыстар табысты орындалды.

Е.Ы. Бидайбеков Абай атындағы ҚазҰПУ-дың кешенді цифрландыру тұжырымдамасының авторларының бірі болып табылады. Оның бастамасымен Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының жанында «Білімді ақпараттандыру мәселелері және білім технологиялары халықаралық ғылыми зертханасы», «Педагогикалық STEM-парк», сонымен қатар әл-Фараби білім беру орталығы ашылып, қазіргі таңда табысты жұмыс жасауда.

Оның қызметі білім беруді ақпараттандыру және цифрландыру саласында тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де белгілі және кең танымалдылыққа ие болды.

1996 жылы Е.Ы. Бидайбеков Ресей білім беруді ақпараттандыру академиясының толық мүшелігіне сайланды. 1998 жылы осы бағыттағы көп жылғы жемісті жұмыстарының нәтижесінде Ресей білім беру академиясының жалпы және орта білім беру институтында (РФ, Мәскеу қаласы) «Қазақстан Республикасы университеттерінде информатикамен сабақтас мамандарға информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесін дамыту» атты тақырыпта докторлық диссертациясын табысты қорғады және 2004 жылы ҚР ЖАК-тан қайтадан аттестациядан өтті. 2011 жылдан бастап Халықаралық білім беруді ақпараттандыру академиясының (МАИН) нақты мүшесі (академигі) болып саналады.

1985-1987 жылдары Есен Ықыласұлы Қазақстан Республикасында «Информатика және есептеуіш техника негіздері» мектеп курсының мазмұны мен оны оқыту әдістемесін қалыптастыруға тікелей қатысты, ол А.П.Ершов, М.В.Монаховтың редакциясымен дайындалған оқушыларға арналған  «Информатика мен есептеуіш техника негіздері» (2 бөлімнен тұратын) байқау оқу құралы мен мұғалімдерге арналған «Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту» (2 бөлімнен тұратын)  оқу-әдістемелік құралдың қазақ тіліндегі аудармасының арнайы редакторы болды. Ол арнайы редактор ретінде аударудың ғылыми-әдістемелік деңгейінің тек дұрыстығын қадағалаумен айналысқан жоқ, сонымен қатар Қазақстан Республикасының орта мектептеріне жаңа оқу пәнін енгізуді қамтамасыз ететін информатика бойынша қазақ тіліндегі терминологияны тағайындап, оларды оқу үдерісіне енгізіп отырды.

Есен Ықыласұлы тек аудару ісімен ғана айналыспайды, сонымен қатар ол оқу және әдістемелік құралдардың авторларының бірі болып табылады. Оның ең алғашқы еңбектерінің арасында «Математико-информационные технологии в теории и практике обучения», «Математическое моделирование и численные методы. Введение», сонымен қатар қазақ тілінде жарыққа шыққан: «ЭЕМ қалай жұмыс істейді», «MSX-BASIC-пен алғашқы танысу» (3 бөлімнен), «Информатика бастамалары» (алгоритмдеу), «Логикалық бағдарламалау» (Пролог-Б), «Векторлық алгебра», «Топ, сақина және өрістердің қасиеттері» және т.б. еңбектері бар. Аталған еңбектердің барлығы қазіргі таңда өзекті және үлкен сұранысқа ие.

Қазіргі уақытта бұл бағыттарда жүргізіліп жатқан жұмыстардың Е.Ы. Бидайбеков жетекшілік жасайтын кафедра негізінде тиімді дамуы байқалады. Мұнда оның басшылығымен оқушыларға оқу құралын, мұғалімдер мен студенттерге арналған әдістемелік құралдар әзірлеу және оларды баспадан шығару, мектепте және жоғары оқу орнында информатика пәнін және басқа пәндерді оқытуды жабдықтау үшін бағдарламалық-педагогикалық құралдарды (БПҚ) жасау және енгізу бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Ұлттық мектептер үшін бағдарламалық педагогикалық құралдарды жасау мен бейімдеу мәселелері негізгілердің бірі болып табылады және Е.Ы. Бидайбеков аталған мәселелерге ерекше назар аударады.

Е.Ы. Бидайбековтың жетекшілігімен әзірленген көптеген БПҚ-лардың ішінен оның ең алғашқы еңбектерінің бірі - «Языковая среда» бағдарламалық-педагогикалық құралын атап өткен жөн. Аталған БПҚ 1994 жылы республикалық көрме-жәрмеңкеде бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды және Қазақстан Республикасы білім жүйесінде пайдалануға ұсынылды.

Соңғы уақытта Е.Ы. Бидайбековтың ғылыми-әдістемелік және шығармашылық қызметтерінің негізгі бағыттары білім беру және ғылымды ақпараттандыру және цифрландыру саласындағы зерттеулермен және осыған байланысты әртүрлі білім беру деңгейлерінде туындайтын оқыту мәселелерімен, сонымен қатар информатика және білім беруді ақпараттандыру бойынша ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау мәселелерімен байланысты.

Есен Ықыласұлы Қазақстан Республикасы халықтық білім беруді компьютерлендіруді бастаушылардың бірі ретінде белгілі. Ол білім беру мен ғылымды ақпараттандыру саласында мықты қазақстандық ғылыми мектеп құра білді, оның оқушылары жоғары оқу орындарының оқытушыларынан бастап ректорлар, білім және ғылым министрлері сияқты білім беру мен ғылым саласында жетекші басқарушылық қызметтер атқарады.

Е.Ы. Бидайбековтың өзі негізін қалаған білім беру мен ғылымды ақпараттандыру қазақстандық ғылыми мектептің дамуына қосқан маңызды үлесі келесі жұмыстары болып табылады: «Информатизация образования в Казахстане», «Подготовка специалистов совмещенного по информатике профиля в республике Казахстан», «Информационное интегрирование и анализ образовательной области в разработке электронных средств обучения», «Разработка и использование образовательных электронных изданий и ресурсов», «Информатизация образования и проблемы обучения», «Информатиканы оқыту әдістемесі», «Численные  методы», «Сандық әдістер», «Базы данных и информационные системы», «Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер», «Научно-методические основы подготовки магистрантов-математиков к профильному обучению», «Научно-методические основы подготовки магистрантов информатико-математических специальностей к управленческой деятельности в условиях информатизации образования», «Методические основы и технологии создания электронных образовательных ресурсов для смешанной модели обучения магистрантов и докторантов в педвузах», «Теория и методика использования технологий смешанного обучения при подготовке магистрантов в педвузах», «Ақпараттық мәдениет негіздері «Балбөбек ақпарат әлемінде» үшінші сыныпқа арналған жұмыс дәптері», «Информатика. Балаларға арналған энциклопедиялық анықтамалық», Использование средств информационно-коммуникационных технологий в  математическом образовании», «Развитие педагогических коммуникаций в условиях дистанционного обучения» және т.б.

Есен Ықыласұлы ҚР білімді беруді ақпараттандырумен байланысты бірқатар мемлекеттік бюджеттік қаржыландырылатын тақырыптардың ғылыми жетекшісі болып табылады. Оның жетекшілігімен орындалған жобалардың біреуінің шеңберінде қазақ тілінде жасалған «Информатикадан мультимедиалық үйретуші бағдарлама» республика мектептерінде үлкен табыспен қолданылады.

Е.Ы. Бидайбековтың жетекшілігімен болашақ информатика мұғалімдерін пәндік даярлауды оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету мақсатында «педагогикалқ информатика» сериясы жарияланымға әзірленді. Қазіргі таңда қазақ және орыс тілдерінде информатика, білімді ақпараттандыру, сандық әдістер, ақпараттық технологиялардың әртүрлі бөлімдері, программалау және т.б. бойынша оқу құралдары әзірленіп баспадан шығарылды. Е.Ы. Бидайбековтың редакциялаған жұмыстарының қатарында ТМД елдері шеңберінде қазақ тіліне аударылған студенттерге мен болашақ информатика мұғалімдеріне  арналған бірінші оқу құралы «Информатиканы оқыту әдістемесі» жүйелік курсы болып табылады.

Е.Ы. Бидайбеков және оның оқушыларының жетекшілігімен информатика, қолданбалы және есептеу математикасы, білім беруді ақпараттандыру курстары бойынша әзірленген оқу және бағдарламалық-әдістемелік материалдар сөзсіз қазақстандық педагогикалық қоғам үшін интеллектуалды мұра болып табылады.

Қазіргі уақытта Есен Ықыласұлының ғылыми-әдістемелік қызметтері  жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға,  сонымен қатар информатика, математика және білім беруді ақпараттандыру саласында ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған. Есен Ықыласұлы педагог-зерттеуші ретінде магистранттар мен PhD докторанттарды пәндік даярлаудың мазмұнын іргелендіру мәселелеріне, оларды информатиканың теориялық негіздерін, есептеу математикасын, ақпараттық модельдеуге оқытудың әдістемелік жүйесін, сонымен қатар информатиканы оқыту әдістемесін, білім мен ғылымды ақпараттандыру және цифрландыруды дамытуға ерекше көңіл бөледі.

Профессор Е.Ы. Бидайбековтың жетекшілігімен бірнеше жылдар бойы жүргізіліп келе жатқан зерттеу жұмыстары әл-Фарабидің математикалық мұраларын зерттеуге және оларды қазіргі математикалық білім беру жүйесіне ендіруге арналған. Есен Ықыласұлы ҚР БҒМ қаржыландыратын «Әл-Фарабидің математикалық мұралары заманауи білім беру жағдайында» атты ғылыми жоба жетекшісі болып табылады.

Осы жүргізілген зерттеу жұмыстары барысында алынған нәтижелер әлемдік ғылыми қауымдастыққа Краков педагогикалық университеті (Польша, 2013), 9-шы Халықаралық ISAAC математикалық конгресі (Польша, 2013), Вашингтон университеті (АҚШ, 2013), Техас университеті (Остин қ., Техас штаты, АҚШ, 2013), Tamagawa университеті (Токио қ., Жапония, 2013), Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің математика және информатика институты (Мәскеу қ., Ресей, 2013) аясында таныстырылды және жетекші ғылыми-әдістемелік журналдарда жарияланды.

Есен Ықыласұлы бірнеше рет Қазақстан және Ресей бұқаралық ақпараттық құралдарында  білім беру мен ғылым, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша бірнеше рет сөз сөйледі. Оның  «Егеменді Қазақстан» газетінде «Информатика өмір мәніне айнала бастады» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. Ол Қазақ радиосының «Білім көкжиегі» бағдарламасында «Информатика пәнін оқыту және оның әдістемелерін жетілдіру мәселелері» тақырыбында хабарлама және де «Шығыс жұлдыздары» бағдарламасында «Әл-Фарабидің математикалық мұраларын бүгінгі білім беру жүйесіне пайдалану» тақырыбында баяндама жасады, сонымен қатар, «Вести» (Ресей, Йошкар-Ола қ.) телебағдарламасында сөз сөйледі.

Кафедра меңгерушісі қызметін атқара жүріп Е.Ы. Бидайбеков өзінің ұйымдастырушылық қабілетін, шығармашылық ойлай білу біліктілігін, қазіргі жаңа білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерге қатысып отыруымен көрсетеді. Оның бастауымен және тікелей қатысуымен жоғары оқу орынының оқу және оқудан тыс қызметін автоматтандырудың бағдарламалық-аппараттық кешендері, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың барлық мамандықтарына  арналған информатика және білім беруді ақпараттандыру курсы әзірленіп, оқу үдерісіне табысты енгізілген болатын. Есен Ықыласұлы ҚР білім беруді ақпараттандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы, ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандарттары мен болашақ информатика мұғалімдері: бакалаврлар, магистранттар мен PhD докторанттарды көпдеңгейлі дайындау жүйесіне арналған оқу жоспарларын әзірлеуге белсенді қатысқан және әлі де белсенді түрде қатысып келеді.

Кафедраны меңгеру жұмысы орасан зор күшті талап етеді. Мамандандырылған информатика мұғалімдерін дайындау сапасын жетілдіру, ол жетекшілік ететін кафедраның ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстарының негізгі бағыттарын таңдау мақсатында шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдарымен (Пак Н.И., Кабанихиным С.И. (Ресей) және т.б.) және әлемдік деңгейдегі белгілі педагог-ғалымдармен: академик У.М. Сұлтанғазинмен (ҚР ҰҒА), академик Ш.С. Смағұловпен (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), академик М.У. Өтелбаевпен, профессорлар Н.Т. Темірғалиевпен, А.Ш. Шәріпбаевпен (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ) және т.б. мәселелерді талқылап, тығыз байланыста бірге жұмыс істеген болатын. Олардың қатысуымен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қызметкерлері, студенттері, ізденушілері мен магистранттар және PhD докторанттар үшін ғылыми семинарлар ұйымдастырылып өткізілген болатын.

Е.Ы. Бидайбеков жетешілік ететін кафедраның ядросын құрайтын шығармашылық ұжым жұмыс істейді, оның мүшелері информатика және білім беруді ақпараттандыру, математикалық физикадағы кері есептер салаларының мамандары болып табылады. Кафедраның көптеген мүшелері оның оқушылары болып есептеледі. Ол жоғары маманданған мамандарды дайындауға және Қазақстан Республикасында ғылым мен білім беруді ақпараттандырудың дамуына көп күш-қайратын жұмсайды. Тынымсыз еңбек етудің және ғылыми-педагогикалық жұмысқа берілгендігінің арқасында ол өз оқушыларына әлемдік деңгейдегі ғалымдар салған және қалыптасқан тәжірибелерін өз деңгейінде беріп отырады.

Бірнеше жыл бойында Е.Ы. Бидайбеков Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы 13.00.02- оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (информатика) мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін құрылған диссертациялық кеңестің төрағасы болды. Аспиранттар, докторанттар мен ізденушілердің ғылыми жетекшісі болды.  Оның жетекшілігімен 15 докторлық диссертация, оның ішінде 4 PhD докторлық диссертация және 31 кандидаттық диссертация қорғалды, олардың 4 – математика мамандығы, ал қалғандары 13.00.03 «Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (информатика)» мамандықтары бойынша. Қазіргі уақытта информатиканы оқыту әдістемесі және білім беруді ақпараттандыру бойынша бірқатар PhD докторанттардың диссертациялық жұмыстарына жетекшілік жасайды, сонымен қатар 6D011100-Информатика, 6D060200-Информатика» мамандықтары бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық Кеңестің төрағасы болып табылады.

Е.Ы. Бидайбеков Мәскеу, Красноярск, Омск, Новосибирск және ТМД-ның басқа қалалары мен Қазақстан Республикасының бірқатар қалаларының университеттерімен тығыз байланыста болып және сол қалалардың университеттерінде үнемі ғылыми баяндамалар жасап отырады. Ол Республикалық және Халықаралық дәрежедегі ғылыми семинарлар мен конференцияларға белсенді түрде қатысып, «Білім берудегі ақпараттық технологиялар» (Мәскеу қаласы) конференция Конгресінің тұрақты қатысушысы болып табылады. Өзінің ғылыми жұмыстарын халықаралық (орталық) ғылыми басылымдарда және Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің және алыс шет елдердің жинақтарында жариялайды. Есен Ықыласұлының 600-ден астам жарияланған ғылыми еңбектері бар, оның 70-ін монографиялар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды құрайды. Оның бірнеше ғылыми мақалалары импакт-факторы жоғары рейтингтік журналдарда жарияланған.

Профессор Е.Ы. Бидайбеков көпқырлы. Оның көпқырлылығы редакторлық қызметі бірқатар «Информатика. Физика. Математика» (қазақ тілінде) республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналы, «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналы,   «Вестник МГПУ», «информатика және білім беруде ақпараттандыру» сериясы (Мәскеу қаласы) ғылыми-әдістемелік журналдарының редакциясы алқасы мүшесі ретінде, сонымен қатар «Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы», физика-математика ғылымдарының сериясы ғылыми-әдістемелік журналының бас редакторының орынбасары ретінде белгілі.

Е.Ы. Бидайбеков әзірлеген «Дифференциалдық теңдеулер үшін кері есептер», «Кері есептерді шешудің сандық әдістері» және т.б. арнайы курстары оқу жоспарына енгізіліп және ол бойынша Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің физика-математика факультетінің жас мамандарының бірнеше буындары дайындалды. Сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде  ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға арналған информатика және білім беруді ақпараттандыру курстары, оның ішінде «Организация и проведение педагогических исследований», «Научно-педагогические аспекты и методическая система обучения информатике и информатизации образования»  және т.б. курстар жасалды.

Ол осылардан басқа, информатика, сандық әдістер, информатиканы оқыту әдістемесі курстарын жетілдіру бойынша, сонымен қатар оқу-тәрбиелеу үдерісінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану бойынша бірқатар маңызды ұсыныстар енгізген. Ол ғылымның және педагогикалық мамандарды дайындаудың бағыттары ретінде сандық әдістер, дифференциалдық теңдеулерге арналған кері есептер, информатика және оны оқыту әдістемесі, математикалық модельдеу мен есептеуіш эксперименттің таңдаулы бөлімдері бойынша арнайы курстар, білім беруді ақпараттандырудан студенттерге, магистранттарға, PhD докторанттарға дәрістер оқу барысында заманауи цифрлық білім беру технологияларын пайдаланады.

Сонымен қатар, Е.Ы. Бидайбеков студенттердің курстық, түлектік жұмыстарына, магистерлік және докторлық диссертацияларға жетекшілік етеді. Оның жетекшілігімен докторлық және кандидаттық диссертациялармен қатар 30-дан астам магистерлік диссертациялар мен студенттердің көптеген түлектік жұмыстары қорғалған.

Е.Ы. Бидайбеков оқу-тәрбие жұмыстарымен қатар орасан зор ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізеді. Ол математикалық физиканың кері есептері, сонымен қатар білім беруді ақпараттандыру саласында жоғары кәсіби мамандарды дайындауда зор мәнге ие болатын білім беруді ақпараттандыру және оқыту мәселелері бойынша ғылыми семинарларға жетекшілік етеді.

Бұдан басқа, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарында оның қатысуымен информатиканың маңызды бөлімі ретінде математикалық моделдеу және есептеуіш эксперимент саласы, сонымен қатар математикалық физиканың кері есептері саласы бойынша зерттеулер жүргізілуде. Ол «Обратным задачам магнитотеллурического зондирования (МТЗ)» бойынша маңызды нәтижелер алды.

Профессор Е.Ы. Бидайбеков институт пен университеттің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысады. Көп жылдар бойы қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы болып істеді, оқушылар арасында пәндік олимпиаданың, сонымен қатар Республика мұғалімдері мен оқушыларының ғылыми жобалары байқауларының әділ қазылар алқасын басқарды. Жалпы білім беретін, кәсіптік мектептердің, лицейлер мен колледждердің информатика мұғалімдерінің І Республикалық «Алтын диск» байқауында әділ қазылар алқасының төрағасы болды. Есен Ықыласұлы ректораттың барлық тапсырмаларына жауапкершілікпен қарайды, Қазақстан Республикасы және Ресейдің ғылыми-педагогикалық қоғамдастығы, сонымен қатар университеттің қызметкерлері мен оқушылары арасында беделі жоғары. 

Е.Ы. Бидайбековтың өзгешелігі ғылым салаларын терең игеріп, жетістігі мен талап етушілігін ізгілік, адамгершілік қасиеттерімен, қарапайымдылықпен және демократияшылдықпен ұштастыруында.

Отандық ғылымға дамытуға және білікті кадраларды даярлауға сіңірген зор еңбегі үшін көптеген медальдар мен грамоталармен марапатталған.

1995 жылы «ҚР білім беру үздігі» белгісімен марапатталды.

1998 жылы өскелең ұрпақтарды оқыту және тәрбиелеуге қол жеткізген табыстары, республикада білім беру жүйесіндегі мінсіз шығармашылық енбегі үшін ҚР Білім беру, мәдениет және денсаулық министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2002 жылы ҚР-ның тәуелсіздігінің 11 жылдық құрметіне Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2004 жылы ҚР-ның Білім және ғылым министрлігіның «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды.

2008 жылы екі медальмен, төс белгі және граматомен марапатталған:

- «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін»,

- «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері»,

- С.М. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің төс белгісімен,

- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 80 жылдық мерейтойына арналған құрмет грамотасымен марапатталды.

2012 жылы Қазіргі білім беру стандарттарының талаптарын қанағаттандыратын, жаңа буынның оқулығын жазудағы жемісті еңбегі үшін ҚР ЖОО ассоциациясының А.Байтұрсынов атындағы «Лучший автор» медалімен марапатталды.

  2013 жылы үш медальмен, төс белгі мен граматомен марапатталған:

- Европа ғылыми-өнеркәсіптік палатасының информатика және білім беруге қосқан үлкен үлесі үшін медальмен марапатталды,

- Gold medal for exceptional «Achievements» (Brussels, Belgium),

 - ҚазҰПУ «Айрықша еңбегі үшін» медалі;

- «Интеллектуалдық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар - «Қазақстан

- 2050» стратегиясы аясында үшінші индустриалды революцияны жүзеге асырудың құралы» I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына белсенді қатысқаны үшін мақтау қағазы;

-  ІХ Бүкіл әлемдік «Иссак-2013» математикалық конгресске (Краков қ., Польша) белсенді қатысқаны үшін төс белгісімен марапатталды.

2014 жылы жоғарғы оқу орындарына оқулықтар жазудағы көпжылдық нәтижелі еңбегі үшін А.Байтұрсынов атындағы медальмен марапатталды (ҚР ЖОО қауымдастығы).

2015 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорла мемлекеттік университетінің «Қорқыт Ата атындағы Алтын медалімен», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің дамуына қосқан үлесі үщін «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды марапатталды.

2015 жылы «Құрмет» орденімен наградталды.

2016 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Үздік ұстаз» медалімен және ЮНЕСКО Халықаралқ ұйымының «Ахмет Яссауидің 850 жылдығы» медальдарымен марапатталды. Ал, 2018 жылы Есен Ықыласұлы университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

2007 және 2012 жылдары  Е.Ы. Бидайбековке «ЖОО үздік оқытушысы» атағы берілді.

Е.Ы. Бидайбековтың шығармашылық ойы терең және ол оған өзінің әріптестерін қызықтыра алады. Ол - өмірге оптимистік көзқараспен қарайтын кең мінезді адам. Оның сирек кездесетін қабілеті, ғалымдық таланты, ұйымдастырушылық, көрнекі шығармашылық қабілеті, сарқылмайтын энергиясы, белсенді өмірлік көзқарасы, еңбексүйгіштігі, жауапкершілік сезімі – осындай тамаша адамдық қасиеттері оған құрмет пен құрметтеушілікті білдіреді. Есен Ықыласұлы өз жанұясында үш бала тәрбиелеп өсіріп, олардан төрт немере сүйіп отыр. Ол тамаша ән айтады, би билейді және музыкалық аспаптарда  ойнайды. Профессор Е.Ы.Бидайбеков өзінің мерейтойын қоғамдық қызметтегі жігерлілігі кемеліне толған кезде атап өтуде. Оның жоспарлары мен болашақтағы идеяларының жиынтығы әлі де таусылмақ емес және ол оны өзінің халқының, ізін жалғастырушы – оқушыларының игілігіне жұмсайтын болады.