Қазақша Русский English

Өтiнiштердi тiркеу және баяндамаларды беру

Конференцияның ашылуына баяндамалар жинақ түрінде басып шығарылады. Қатысу үшін өтiнiш және баяндама тезистерi 2025 жылдың 15 қыркүйегіне дейiн https://mmiton.kaznpu.kz/kz/registration/ мекен-жайы бойынша қабылданады.

  1. Баяндама мәтіні А4 форматында 5 беттен аспауы керек, RTF форматында MS WORD мәтіндік редакторында

дайындалуы тиіс. Формулалар Microsoft Equation формула редакторында, суреттер *.jpg или *.gif форматында ұсынылуы керек.

  1. Бет параметрлері: барлық өрістер – 2,5 см. Қаріп: Times New Roman, KZ Times New Roman (өлшемі - 12), жоларалық интервал: бірлік. Жоғарғы сол бұрышта ӘОЖ көрсетіледi.
  2. Келесі жолдың ортасына авторлардың аты-жөнi бас әрiптермен, жартылай қалың қаріппен теріледі. Бір аралықтан кейін жолдың ортасына бас әріптермен жартылай қалың шрифтпен баяндаманың тақырыбы теріліп жазылады. Бір аралықтан кейін жолдың ортасына бас әріптермен автордың жұмыстың орындалған мекеме атауы, қаласы, елі (көлбеу қаріппен, қысқартусыз) теріліп жазылады.
  3. Бір аралықтан кейін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде аңдатпа жазылады (қаріптің өлшемі - 10). Бір аралықтан кейін кілттік сөздер (5-6 сөз), бір аралықтан кейін азат жолдан бастап баяндаманың мәтіні теріліп, жазылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі қойылған сілтеме бойынша мақаланың соңында ретімен теріліп жазылады. Автор (авторлар) жайлы мәлімет: толығымен аты-жөні, жұмыс орыны (мекеменің атауы, ЖОО-ның атауы толық және қысқартылған түрде), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орынының телефоны, e-mail жазылады. Баяндама файлдың атауы аты-жөні және қатысушының аты- жөнiнiң бiрiнші әрiптерiмен мазмұндалуы тиіс. Мысалы: nurgalievaFT.doc

Ұйымдастыру комитеті конференция материалдарына қосу үшін баяндамаларды таңдап алуды өздері шешеді.

Конференция және тіркелу жайлы қосымша материалдарды http://mmiton.kaznpu.kz/ сайтынан таба аласыздар. Мақалаларды u.bazarbayeva@abaiuniversity.edu.kz мекен-жайына жіберу керек. Өтініштерді қабылдау, баяндамалар, жарияланымдар сұрақтары бойынша келесі мекен-жайға хабарласуыңызға болады: 050010, ҚР Алматы қаласы, Төле би 86, Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика факультеті, 3 қабат, каб. 308 (жұм.тел.: 272-30-73, 272-82- 72, 272-75-87; +7 747 353 01 63 (whatsApp, Базарбаева Үміт)).

Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру шығыны (конференцияның материалдарының жинағы) 6000 теңгені құрайды, төлем «Банк Центр Кредит» ИИК KZ 178560000000086696 БИК КСJBKZKX, РНН 600900529562, БИН

031240004969, Кбе 16 есеп шотына төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Түбiртекте конференцияға қатысушының аты-жөнi, «МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ МЕН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БІЛІМДЕ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМДА» конференциясына қатысу деп көрсетілуі керек. Түбiртектiң электрондық көшiрмесiн e-mail: u.bazarbayeva@abaiuniversity.edu.kz мекен жайына жiберу керек.

Жол шығыны мен тұру шығындары конференция қатысушыларының есебiнен төленедi.

Конференция жұмысының нәтижелері бойынша үздік баяндамалар «Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы. Физика- математика ғылымдары сериясы» (журналды ҚР ҒжЖБМ ҒЖБССҚЕК ұсынған) журналында жариялауға ұсынылады.